Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстан халқына гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
ERNUR.KZ. Қырғызстан Республикасынан келген гуманитарлық көмекті Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті, деп жазады inform.kz.
«8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғызстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Оны Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Вице-министр Серік Төленбергенов пен Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамыркановпен кездесті», - деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, су тасқынының зардабына байланысты Қырғызстан Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жіберген еді.
Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстан халқына гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.