Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

0
1 737

Бұған дейін Президент әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарған еді.


Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырымбек Көшербаевты президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деп жазылған құжатта.

Қырымбек Көшербаев туралы не білеміз?

1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.

1978 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша, ал 1991 жылы КОКП орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

ҚР президентінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Әр жылдары білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, денсаулық сақтау, білім және спорт министрі, білім және ғылым министрі лауазымдарын атқарды.

2000-2003 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі;

2003-2006 жылдары – Ресей Федерациясы, Финляндия мен Армениядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі;

2006-2011 жылғы желтоқсанға дейін – Маңғыстау облысының әкімі;

2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында – Қазақстан президентінің кеңесшісі;

2012 жылдан – ҚР премьер-министрінің орынбасары;

2013 жылдың 17 қаңтарынан бүгінге дейін – Қызылорда облысының әкімі.