Қытай төрағасы денсаулық саласында және индустрия бағытында одақ құруға шақырды.
ERNUR.KZ. Қытай Орталық Азия елдеріне 2022 жылы 50 млн доза вакцинаны гуманитарлық көмек ретінде жіберуге дайын, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Орталық Азия – ҚХР» саммиті кезінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді.
«Короновирус шекара талғамайды. Адамзаттың тарихы бір. Қытай Орталық Азия елдеріне 2022 жылы 50 млн доза вакцинаны гуманитарлық көмек ретінде жіберуге дайын. Бұған қоса, медицина саласында бірлескен жобаларды іске асыруға, кеңейтуге дайынбыз. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінде Қытайдың халықтық медициналық орталықтарын ашуға ұсыныс айтамын. Сонымен қатар, денсаулық саласында және индустрия бағытында одақ құруға шақырамын», − дейді Си Цзиньпин.