​Қытай Солтүстік Қазақстанға зауыттар салады

0
1 216

Сонымен қатар 3 мыңнан 4 мыңға дейін жұмыс орны пайда болады.


​Қытай Солтүстік Қазақстанға зауыттар салады

ERNUR.KZ. Қытайдың «DongFeng» көлік компаниясы Солтүстік Қазақстанда зауыттар кешенін салып, жүк көліктерін, коммуналдық техника, кейінірек – кіші авиация техникаларын жасап шығаратын болады, деп жазады Sputniknews.kz.

Бұл жөнінде өңір басшылығы мен Хубэй провинциясының ресми өкілдерінің кездесуінен кейін «СКО СП KAZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Ержан Артықбеков мәлімдеді.

Атап айтқанда «DongFeng» компаниясы Петропавлда әртүрлі көлік техникасын өндіру бойынша ірі жоба әзірлеп жатыр: мұнда зауыт салынып, жұмысшыларға арналған шағын аудан пайда болады. Артықбековтың сөзіне қарағанда бастапқы кезеңде DongFeng жобаға 500 миллион АҚШ долларын құяды. Ал инвестицияның жалпы сомасы – 3 миллиард доллардан асады.

Сонымен қатар 3 мыңнан 4 мыңға дейін жұмыс орны пайда болады. Кадрларды дайындау үшін жоба аясында білім беру орталығы салынады. Солардың арасынан жұмысшылар іріктелініп, біліктілікті арттыру мақсатында Қытайға жіберіледі, кейін Петропавлға қайтып келеді. Берілген аумақта тұрғын үй кешендері бар үлкен шағын аудан құрылып, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынады, себебі компания талаптарының бірі – адам жұмысына жаяу жиырма минуттан аспайтын уақытта жетуі тиіс.