Қытайдан 2,7 млрд теңгенің тауарын заңсыз әкелгендер әшкереленді

0
194

Тергеу барысында қылмыстық топқа қатысы бар 37 компания анықталған.


Қытайдан 2,7 млрд теңгенің тауарын заңсыз әкелгендер әшкереленді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қытайдан Қазақстанға тауарларды ұзақ уақыт бойы экономикалық контрабанда жолымен заңсыз тасымалдаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Тергеу барысында қылмыстық топқа қатысы бар 37 компания анықталған. Олардың ішінде "Metlink" және "Urban Green" компаниялары бойынша ғана мемлекетке келтірілген залал көлемі 2,7 млрд теңгеден асқаны белгілі болды.

"2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасының азаматтары "Ш" және "А" ұсталды. Олар ұйымдасқан топ құру және оған басшылық етуге, оның қызметіне қатысуға, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған экономикалық контрабандаға және кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтаруға күдікке ілінді".ҚР Бас прокуратурасы

Күдіктілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128–132-баптарына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

7 тамызда тергеу сотының қаулысымен аталған күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын хабарлады.