Қытайдан эвакуацияланған қазақстандық студенттерден коронавирус анықталған жоқ

0
646

Клиникалық хаттамаға сәйкес, студенттер әлі де карантинде болады


Қытайдан эвакуацияланған қазақстандық студенттерден коронавирус анықталған жоқ

ERNUR.KZ. Қытайдың Ухань қаласынан Қазақстанға жеткізілген студенттерден коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы брифингте денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыз жайлы. Барлығы, соның ішінде БАҚ өкілдері де карантин аяқталғанша, 16 ақпанға дейін олармен кездесе алмайтынын еске саламыз. Кеше және алдыңғы күні олар түрлі тесттер тапсырды. Нәтижесінде коронавирустың жоқ екені анықталды", – дейді Ахметшәріп.
Дегенмен, оның айтуынша, клиникалық хаттамаға сәйкес, студенттер әлі де карантинде болады. Эвакуацияланған 83 Қазақстан азаматының 12-сінде жеңіл деңгейде өткір респираторлық вирусты инфекция анықталған.
Сондай-ақ Уханьнан эвакуацияланған Беларусь (5 адам) пен Армения (1 адам) азаматтарының жағдайлары қанағаттанарлық екені белгілі болды.
Ведомствоның ресми өкілі сыртқы істер министрлігінің арқасында Уханьнда қалған қазақстандық студенттердің Тюмень (Ресей) мен Ташкентке (Өзбекстан) эвакуацияланғанын жеткізді.
"Олар 2 апта бойы жергілікті мамандардың бақылауында болады. Олардың жағдайын денсаулық сақтау министрлігі де бақылайды. Бүгін ведомство басшысы Елжан Біртанов ресейлік және өзбекстандық әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Олар аталған мәселе бойынша келісімге келді", – деп атап өтті Ахметшәріп.