Қытайдан Қазақстанға вейп әкелген Қырғызстан азаматы сотталды

0
201

Сондай-ақ бір реттік электронды темекіні жою жөнінде шешім шығарылды.


Қытайдан Қазақстанға вейп әкелген Қырғызстан азаматы сотталды

Фото: Pixabay

ERNUR.KZ. Қырғызстан Республикасының азаматшасы Қытай Халық Республикасынан ел аумағына 50 дана электронды темекіні алып өтпек болған. Панфилов аудандық соты заң бұзған шетелдікке жаза тағайындады, деп жазады inform.kz.

Панфилов аудандық соты жариялаған мәліметке сүйенсек Қырғызстан азаматы электронды темекілерді сатып алып, басқа да заттармен бірге жүкті қабылдау пунктіне өткізген.

Шекарада кеден бекетінің қызметкерлері заңсыздыққа тосқауыл болған. Тексеру барысында Қазақстан шекарасынан алып өтпек болған 50 дана вейп анықталған.

Шетел азаматының өз кінәсі мойындауынан бөлек, куәгерлердің айғақтары және сарапшының қорытындысы арқылы толығымен дәлелденді, оған сәйкес бұл заттар бір реттік қолдануға арналған электронды құрылғы деп танылған.

Тауар үлгілерінің құрамында никотин бар, бірақ темекінің өсімдік бөлшектері жоқ делінген хабарламада.

Заң бойынша жасалған қылмыс үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі балама жаза қарастырылған.

Алайда аудандық сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескере отырып — шетелдік азаматшаның кінәсін мойындауы, соттылығының болмауы, кәмелетке толмаған балаларының бар болуы және айыпталушының жұмыссыздығы мен ауыр материалдық жағдайын назарға алып, оған ҚР ҚК 55-бабы шегінде қауіпсіздігі минималды қылмыстық-атқару мекемесінде 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ бір реттік электронды темекіні жою жөнінде шешім шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.