Қытайлар Алматыда қоқысты қайта өңдейтін зауыт салмақ

0
127

Зауытты қытайлық компания салады деп жоспарлануда.


Қытайлар Алматыда қоқысты қайта өңдейтін зауыт салмақ

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Алматыда қоқысты қайта өңдейтін зауыт салынбақ, деп жазады stan.kz.

Зауытты қытайлық компания салады деп жоспарлануда.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қытайлық Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниясының президенті Лонг Цзишэнмен кездесті.

Кездесу барысында Алматыда тәулігіне 2000 тонна қалдықты қайта өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр қуатын өндіретін қоқыс өңдеу зауытын салу мәселесі талқыланды.

Осы жобаның арқасында 2029 жылға қарай қаладағы қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 80%-ға жетеді.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы қарашада Қытайға жұмыс сапары барысында Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниясының президенті Лун Цзишэнмен Алматыда қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны талқылады.

Бұл жобаға $270 млн инвестиция тартылады. Премьер-министр экология мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтіп, қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігін мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін 38%-ға жеткізу міндетін қойды. Жыл сайын елімізде 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын салу – қажетті жоба. Электр энергиясын өндіру арқылы қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату қайта өңдеуді дамытудағы маңызды қадам болмақ. Үкімет аталған жобаны мақұлдап, қажетті қолдау көрсетуге дайын. Біз байыпты инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастыққа мүдделіміз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне екі апта мерзімінде зауыт құрылысын осы жылдың маусым айында бастау үшін Инвестициялар туралы келісімнің жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар кездесу барысында кадр даярлау мәселесі де сөз болды. Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады. Лун Цзишэн жергілікті мамандар жұмысқа басым тәртіппен тартылатынын атап өтті.

Құрылыс 2025 жылдың күзінде басталмақ.