Видеода қыздардың ойын-сауық орнынан шыққаны байқалады.
ERNUR.KZ. 3 шілдеде Оралдың 6 ықшамауданыда таңғы сағат төртте қыздар жұлысқан, - деп жазады tengrinews.kz .
Әлеуметтік желіде сөзге келіп қалған қыздардың дауы жанжалға ұласқан видео жарияланды. Видеода қыздардың ойын-сауық орнынан шыққаны байқалады.
БҚО ІІД-нің баспасөз қызметі оқиғаның 6 ықшамаудандағы кафе маңында болғанын мәлімдеді.
"3 шілде шамамен 3:40-та кафе маңында бірнеше қыз жұлысқан. Олардың біреуі полицияға арызданды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тереу басталды", - дейді баспасөз қызметінінң өкілдері.
Жанжалдың себебі белгісіз.
ЕСКЕРТУ! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.