Сот материалы бойынша, алкогольдік ішімдікке мас болған күдікті үйдің есігін сыртынан байлап, от жаққан.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Полтавка ауылында алқабилердің қатысуымен өткен сот 50 жастағы ауыл тұрғынын 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz.
Айыпталушы қызғаныштан өзінің азаматтық әйелі мен 2 ер адамды өртеп жіберген. Ал, әйелдің үйдегі кішкентай қызын ауыл тұрғыны құтқарып қалған.
Сот материалы бойынша, алкогольдің әсерінде болған күдікті үйдің есігін сыртынан байлап, от жаққан. 3 адам оқиға орнында қайтыс болды. Сот оларды өлтіруге ниеттенгені және іс-әрекеттің қоғамға қауіпті екенін ескеріп, 25 жылға орта қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, күдіктіні маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық көмек алу міндеттелді.


