Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді

0
846

Қазір өңірде газ тасымалдаушы 23 оператор бар.


Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында автогаздың бағасы төмендеді. Бағаны бақылау үшін облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған, деп жазады zakon.kz.

Олар әлеуметтік газдың тұрғындарға ашық және әділ таратылуын қадағалап отыр. Қазір өңірде газ тасымалдаушы 23 оператор бар. Облыс аумағындағы автогаз құю бекеттерінде автокөлікке газды бөлшек саудада өткізудің шекті құны бекітілген.

Сәйкесінше аудандардағы баға сол күйінде сақталады. Ал бүгіннен бастап қала көлемінде автогаз 65 теңгеден сатылып жатыр.

"Он жылдан бері машина айдап жүрмін. Алдында газдың бағасы 70 теңге болды, кейін 68, ал қазір 65 теңгеге түсіпті", – деді қала тұрғыны Қуандық Рүстемов.

Газ құю бекеттеріндегі жағдайды арнайы комиссия бақылауға алса, жауапты басқарма басшысы "автогаздың өзге өңірлерге тасымалдануы да қадағалауда" деді. Ол үшін облыстың Түркістан, Ақтөбе, Жезқазғанмен шекарасына бекеттер қойылған.

"Өңірге бөлінген газдың сыртқа сатылмауын қадағалап отырмыз. Газ таратушы компаниялар өңірімізге бөлінген газдың бағасын шекті бағадан төмен 65 теңгеден сатып жатыр. Осы айда 8100 тонна газ бөлінді, оның 4500 тонна қалдығы бар"– деді облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков.