Іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында әкесі мен баласы елсіз далада жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Хабарламаға сүйенсек, оқиға 17 қарашада Жалағаш ауданына қарасты Аққыр ауылынан 150 шақырым жерде орналасқан аймақта екі адам жоғалып кеткен. Оның бірі -1981 жылғы азамат болса, екіншісі - оның 9-10 жастағы баласы.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөнінде хабарлама сағат 12.40-те түскен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы мамандары жетті. Бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүргізіледі», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.