Қызылорда облысында екі жасар бала тікұшақпен шұғыл орталыққа жеткізілді

0
223

Аудандық ауруханадан екі жасар бала Қызылорда қаласындағы Балалар ауруханасына ТЖМ “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағымен тасымалданды.


Қызылорда облысында екі жасар бала тікұшақпен шұғыл орталыққа жеткізілді

Сурет: ҚР ТЖМ

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы ауылында 2023 жылғы науқас баланы орталыққа шұғыл жеткізу қажеттілігі туындады, деп жазады zakon.kz.

Аудандық ауруханадан екі жасар бала Қызылорда қаласындағы Балалар ауруханасына ТЖМ “Қазавиақұтқару” АҚ тікұшағымен тасымалданды.

"Науқасты әуе арқылы тасымалдау төтенше жағдайларда ең жеделі болып саналады. ТЖМ ұшқыштары мен дәрігерлер тапсырманы кәсіби түрде орындап, баланы облыс орталығының медициналық мекемесіне қауіпсіз жеткізді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Петропавл маңындағы бір ауылдың халқы шұғыл эвакуацияланғаны хабарланған.