Қызылорда облысында келінін балағаттаған ененің ісі сотта қаралды

0
421

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адам жазаланды.


Қызылорда облысында келінін балағаттаған ененің ісі сотта қаралды

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Оған бірнеше тәулікке қамау алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу тұрғысында жаза тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Сотта азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, келініне балағат сөздер айтып, мазасын алып, жанұя шырқын бұзғаны анықталды. Ол бұған дейін 2024 жылы11 сәуірде осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да, одан еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты қайталап отыр.

Сотта жәбірленуші Ә. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

"Б-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген", делінген Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.