Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды

0
3 753

Оқиға 17 сәуірінде Тасбөгет ауылында болған.


Қызылорда облысында қызды ұрып, видеоға түсіргендер анықталды

ERNUR.KZ. Полицейлер қызды ұрып-соғып жатқан видео арқылы оқиғаға қатысқандардың кім екенін анықтады. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

Оқиға 17 сәуірінде Тасбөгет ауылында болған екен. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданбаған.

"Әлеуметтік желілерде тараған видеоларды бұзақылық дерегі бойынша тексеру барысында полицейлер құрдасын соққыға жыққан қыздың және оны видеоға түсіріп тұрғандардың кім екенін анықтады. Қазір ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полициядағылар.

Видеодан кадр