Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланған

0
747

Ведомство мәліметінше, жыл сайын облыс тұрғындары арасында жұқпалы жіті ішек ауруларына шалдығу республикалық орташа көрсеткіштен 2-3 есе жоғары болып отыр.


Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланған

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаздың алғашқы күндерінен бастап тұрғындар арасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектен уланған науқастар саны өсіп келеді.

«Маусым айында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында мерзімінен ерте піскен бақша өнімдерінен (қарбыз) пайда болған жіті ішек инфекциясына шалдыққан 21 жағдай есепке алынды. Қарбыз жаздың алғашқы айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын облыс тұрғындары арасында жұқпалы жіті ішек ауруларына шалдығу республикалық орташа көрсеткіштен 2-3 есе жоғары болып отыр.

Биылғы 5 айда облыс көлемінде жіті ішек инфекциясының 371 жағдайы тіркелген.

Ауру көрсеткіші - 100 мың халыққа шаққанда 44,8.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында қышыма ауруы әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп кездесетіні хабарланған болатын.