Биыл ел қоймасына 551 мың тонна күріш салынды.
ERNUR.KZ. Биыл Қызылорда өңірінде суармалы су тапшылығы бұрынғыдан да өткір болып отыр. Бірақ, суармалы суды тиімді пайдаланудың арқасында уақтылы қабылданған шаралар залалды азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Сонымен қатар, облыс аграрийлері ағымдағы жылы жақсы өнім жинап қана қоймай, күріштің шығымдылығы мен жалпы түсімі бойынша рекорд орнатты, орташа есеппен 1 гектардан 61,8 центнерден күріш жинап, осылайша, ел қоймасына 551 мың тонна күріш салды.
Салыстыру үшін, 2019 жылы Қызылорда облысының аграрийлері 1 гектарданорта есеппен 60,3 центнерден күріш жинап, күріш дәнінің жалпы өнімін 530,5 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.