Ол құқық бұзушылықты қайталап жасаған.
фото: Sputnik / Владимир Федоренко
ERNUR.KZ. Қызылорда облысының тұрғыны жеңгесіне қайта тіл тигізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.
Арал аудандық сотының мәліметінше азамат К. үйіне мас болып келіп, жеңгесіне себепсіз тиісіп, былапыт сөздер айтқан.
"Бұған дейін ол 2025 жылдың 6 мамырында осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылса да, еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Сотта жәбірленуші кешірім бермейтінін айтып, оған жаза қолдануды сұраған.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына кесілді.