“ҚазАвтоЖол” қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында учаскедегі көлік қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.
фото: Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"
ERNUR.KZ. Жаңбырдан пайда болған батпаққа отыз көлік батып кете жаздады, деп жазады sputnik.kz.
“Ұлытау өңірінде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан “Қызылорда-Жезқазған” тас жолының 12-424 шақырымындағы учаскеде жол жамылғысы жібіп кетті. Бұл терең шұңқырлардың пайда болуына және 30-дан астам көлік тұрып қалған кептеліс себеп болды”, - деп хабарлады “ҚазАвтоЖол”.
“ҚазАвтоЖол” ҰҚК Ұлытау филиалының қызметкерлері жағдайға қатысты шұғыл әрекет етті.
“Көлік қозғалысын уақытша шектеу кезінде көліктерді батпақтан шығару жұмыстары жүргізілді. Жол бөлігін қалпына келтіру үшін жол қызметкерлері профильдеу жүргізді”, - делінген хабарламада.
Автокөліктерді шығару операциясына алты арнайы техника жұмылдырылды: екі жүк тиегіш, автогрейдер, “Урал” жүк көлігі және жол-тарату байланысының екі көлігі.
“ҚазАвтоЖол” қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында учаскедегі көлік қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.