Қызылордада 19 жастағы сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды (видео)

0
816

Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның сарбазы Мадияр Қайсаров лаңкестер басқарған жүк көлігінің астына түсіп қаза болды.


Қызылордада 19 жастағы сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов әскери қызметкердің өліміне қатысы бар күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады Экспресс К.

"5 қаңтар күні әскерилердің көлігін тартып алған қарақшылардың ішіндегі қызылордалық тұрғын ұсталды. Содырлар басқарған Камаз автокөлігі қоғамдық тәртіпті күзеткен сарбаздарға қарай беттеді", деді Санжар Әділов.

Сол кезде қатардағы жауынгер 19 жастағы Мадияр Қайсаров көлік астына түсіп, қаза тапты.

"Ата-анасы жалғыз ұлынан айырылды. Қарағанды техникалық университетінде оқыған ол бағдарлама жасаумен, философиямен әуестенді. Өмірлік жоспарлар құрған Мадияр ІТ-маманы болуды армандады",- дейді ол.



Санжар Әділовтің айтуынша, сол күні Қызылордада тағы бір шабуылшы әскерилерден КамАЗ көлігін иемденіп алып, жедел басқару орталығының жұмысына кежергі келтіру мақсатында электр бағанын қасақана соғып, бейнебақылау камерларын істен шығарды. Кейін жергілікті полиция ғимаратын басып алу үшін қоршаудың қақпасын қиратты.

"Бейнебақылау камерасына түсіп қалған екі оқиға бойынша күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды", - деді Тергеу департаментінің бастығы