Шетелдіктердің басым бөлігі ТМД елдерінен келген
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жыл басынан бері көші-қон заңын бұзған 212 шетелдік ел аумағынан шығарылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 айда облыс аумағына түрлі мақсатпен келген 27 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Оның ішінде 25 184-і ТМД елдерінен болса, ал 1 896-ы алыс шет елден келгендер.
«Әкімшілік кодекстің 517-бабы бойынша заң талаптарын бұзған 3 307 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жолмен республика аумағынан 212 шетелдік шығарылды», - делінген департамент хабарламасында.
Оларға 9,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, өңірде жыл басынан 10 391 шетелдіктің еңбегі заңдастырылды.