Қызылордада атыс шығарған күдікті іздестіріліп жатыр: бір адам зардап шеккен

0
430

1992 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жатқызылды.


Қызылордада атыс шығарған күдікті іздестіріліп жатыр: бір адам зардап шеккен

ERNUR.KZ. Қызылордада 32 жастағы ер адам оқ жарақатын алды, деп жазады tengrinews.kz.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, оның қарудан жараланғаны туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды.

"1992 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Мәліметтерге қарағанда, оның жағдайы ауыр", - деп жазды қолданушылар әлеуметтік желіде.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, қалалық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастағанын айтты.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Айғақты заттар алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.