Қызылордада қоқыс контейнерінен шала туған баланың денесі табылды

0
1 174

Сол аумақтан дала сыпыратын жұмысшы қоқыс жинау барысында шала туылған бала түсік денесін көрген.


Қызылордада қоқыс контейнерінен шала туған баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында қоқыс контейнері жанынан шала туған баланың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 18 қыркүйекте Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті Жанқожа батыр көшесіндегі № 27 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан күл-қоқыс жинайтын контейнер маңында тіркелді.

«Сол аумақтан дала сыпыратын жұмысшы қоқыс жинау барысында шала туылған бала түсік денесін көрген. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірінғай тізіліміне тіркелді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінен.