Қызылордада көлік қаққан әйел нәрестесімен бірге көз жұмды

0
741

Оқиға барысында жарақат алған кінәлі жүргізуші жансақтау бөліміне жеткізілген.


Қызылордада көлік қаққан әйел нәрестесімен бірге көз жұмды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында жеңіл көлік иесі 4 адамды қағып кетті. Оқыс оқиғадан екі адам қаза болып, екеуі жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға Тасбөгет кентінде 23 шілдеде жергілікті уақытпен 22.50-де болған. «ВАЗ-2114» көлігінің иесі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Ол «Mercedes-Benz» маркалы автокөлікке жанай соғып, содан кейін жол жиегінде келе жатқан төрт адамды қағып кеткен.


«Оқиғадан жол жиегінде келе жатқан 28 жастағы азаматша мен оның нәрестесі сол жерде көз жұмды. Екі адам түрлі деңгейдегі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Онда абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Оқиға барысында жарақат алған кінәлі жүргізуші жансақтау бөліміне жеткізілген. Осыған байланысты оған қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.