Қызылордада өгей қызын аңдыған сталкер әке қамауға алынды

0
414

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлап отыр.


Қызылордада өгей қызын аңдыған сталкер әке қамауға алынды

Фото: Shutterstock

ERNUR.KZ. Жалпы, жыл басынан бері Қызылорда облысында сталкингтің 6 дерегі анықталған, деп жазады inbusiness.kz.

Жәбірленушінің полицияға арызданғаны белгілі болды. Оның айтуынша, өгей әкесі өзін аңдып, тыныштығын бұзған. Арыз негізінде полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс тәулікте сотқа жолданды.

– Қызылорда облысы Полиция департаменті қызметкерлері сталкингтің 6 дерегінің жолын кесті. Ол қылмыстың барлығындада күдіктілер жәбірленушілермен бұрын таныс болған. Қыз балалар мен әйелдердің қарым-қатынастан бас тартқанына қарамастан, ер адамдар оларды аңдып, байланыс орнатуға тырысқан. Күдіктілер жедел түрде ұсталып, қылмыстық істер сотқа жолданған. Соттың үкімімен олар қамауға алынды. Полиция мұндай құқық бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнама аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары міндетін атқарушы Бауыржан Сәулебеков.

Жәбірленушілер байланысын толық үзгеніне, бұғаттағанына және кездесуден бас тартқанына қарамастан, қудалау әрекеттері тоқтамағаны анықталған.
Полиция көп жағдайда қарым-қатынас тоқтатылса да, күдіктілер қудалауын жалғастыра түсетінін алға тартады.

Мысалы, түрлі нөмірлерден қоңырау шалу, хабарламалар жазу, үйі мен жұмыс орнына бару және әлеуметтік желілер арқылы мазалау қазір қылмыс саналады.