Қызылордада өртенген үйден ер адамның мәйіті шығарылды

0
757

Өрт сөндірушілер өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың өлі денесін алып шықты.


Қызылордада өртенген үйден ер адамның мәйіті шығарылды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Оқыс оқиға орынына өрт сөндірушілер жеткенше, баспананың төбе жабындысы толықтай жанып кетіпті. Ал күлі көкке ұшқан үйдің ішінен 59 жастағы ер азаматтың мәйіті шығарылған. Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты, деп хабарлайды Экспресс К.

ТЖД


Өрт сөндірушілер өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың өлі денесін алып шықты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр, - деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметі.


ТЖД