Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған.
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы саяжайлардың біріндегі тұрғын үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінен.