Қызылордада жаңа әуежай салынбайды

0
1 219

Гүлшара Әбдіқалықова бұл жобадан бас тарттық деп мәлімдеді.


Қызылордада жаңа әуежай салынбайды

ERNUR.KZ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде жаңа әуежай салынбайтынын айтты, деп жазады baq.kz.

Биыл қыста Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық қоғамдық кеңес алдындағы есебінде қаладағы «Қорқыт Ата» әуежайының кұрылысы осы жылы басталатынын айтқан еді. Ал бүгін облыстың қазіргі әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бұл жобадан бас тарттық деп мәлімдеді.

Бұл ірі жоба, бірақ ол өте қымбат. 18 млрд теңге қажет болды. Дағдарыс кезеңінде осы жобадан бас тарттық. Бізге жақын жерде Түркістанда үлкен әуежай салынды, Байқоңыр қаласында «Крайний» әуежайы бар. Сондықтан қазіргі әуежайды кеңейту және қайта жасау туралы шешім қабылдадық. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жыл басында дайын болады. Құны да қолайлы, шамамен 1,5 млрд теңге. Стандарттар бойынша барлық жағдай жасалады: бұл таспаларда жүк қабылдау, тіркеу, күтуді ұйымдастыру мәселелері және т.б, - деді әкім журналистің сұрағына берген жауабында.