Қызылордада жаппай төбелес болып, 18 адам полицияға жеткізілді

0
570

Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері басталды.


Қызылордада жаппай төбелес болып, 18 адам полицияға жеткізілді

Қызылордалық полицейлер шұғыл түрде жаппай төбелесті тоқтатты. Полицияға 18 азамат жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция нарядтарымен және жедел-тергеу тобымен төбелес тоқтатылды. Жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.