Тек облыс орталығы Қызылорда қаласының өзінде ғана соңғы жылдары он екі шағын аудан қосылған.
Соңғы жылдары Қызылорда қаласында қай салада болмасын, құрылысы қарқынды дамып, алға ілгерілеп келеді. Облыс орталығындағы аудандарда ауыз толтырып айтарлық даму көрсеткіші көп.
Тек облыс орталығы Қызылорда қаласының өзінде ғана соңғы жылдары он екі шағын аудан қосылған. Сәйкесінше, қажетті көпқабатты тұрғынүлер салынып, жеті мыңға жуық адам жаңа пәтерге ие болып отыр. Бұл дегеніміз Сыр өңіріндегі демеографияның өсімі жылдан жылға артып келеді деген сөз.
Тек бұл ғана емес, қазірде қала көлемінде қарқынды жүріп жатқан тұрғынүй құрылыстары жеткілікті. Мәселен, қаладағы «СПМК-70/2» деп аталатын орамда 10 бірдей тұрғынүйдің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл үйлер ипотека арқылы берілетін болады. Тұрғынүй жобасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқанын да айта кету керек. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс тұрғынүйлер құрылысынан соң 500 бірдей жаңа пәтер пайдалануға берілмек. Пайдалануға берілетін пәтерлердің жалпы көлемі 33615 шаршы метрді құрайды.
Әлбетте, қарқынды құрылыстың сапалы болуы мен жоспарлы уақытында аяқталуы облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.
Осы орайда айта кету керек, шілде айының басында Қызылорда қаласында көпқабатты 5 бірдей тұрғынүйде қоныс тойлары тойланған болатын. Шағынаудандардың бірінде салынған ипотекалық үйлерден 250 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталған еді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында сатып алу құқғынсыз берілетін 372 пәтерден тұратын 10 тұрғынүйдің де құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұдан бөлек 7-9 қабатты заманауи талаптарға сай келетін, қаланың көркін ашар жаңа тұрғынүйлерді салу да жоспарда бар.
Облыс орталығындағы тұрғындарының жағдайы үшін жасалып жатқан шаруалар да аз емес Қызылорда қаласында. Аса маңызды боп саналатын сапалы ауызсу, жол мен табиғи газ жүргізу жұмысы да жергілікті әкімдіктің бақылауына алынған. Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Мәселен, қаладағы жаңа аудандарың бірі Байтерек-2 шағынауданына кіретін жолдың жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін бітіру тапсырылған. Әкмдік тарапынан жаңа оқу жылында мектепке баратын балалар үшін жол мәселесі маңызды екені қатаң ескертілген.
Жалпы, сегіз мыңға жуық тұрғыны бар бұл жаңа ауданның тек көше құрылыстары үшін облыс әкімінің ықпалымен 500 миллионға жуық теңге қаралыпты. Бұдан бөлек инфрақұрылым мен инженерлік жүйелер үшін де жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Ендігі кезекте, осынау ауданның балалары үшін 600 орындық мектеп те салынуда.