Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған шенді ұсталды

0
738

​Мемлекетаралық іздеу жарияланған қаржы мониторингі агенттігінің бұрынғы қызметкері ұсталды.


Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған шенді ұсталды

ERNUR.KZ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті іздеудегі аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі Ақмола облысының тумасы 1984 жылғы Дастанбек Қайырбековке мемлекетаралық іздеу жариялаған еді. Ведомство тіпті оның мекенжайы туралы ақпаратқа ақшалай сыйақы беруге уәде еткен болатын.

Ведмостваның мәліметі бойынша, Қайырбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша іс қозғалды.