LG компаниясы Ресейдегі өндірісін Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа түсініктеме берді

0
536

"Коммерсант" газетінің тұрмыстық техника нарығындағы дереккөзі LG Өзбекстанда Samsung құрылғыларын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.


LG компаниясы Ресейдегі өндірісін Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореялық LG Electronics компаниясы Ресейдегі зауытын жауып, тұрмыстық техника өндірісін Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарады, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін "Коммерсант" газетінің тұрмыстық техника нарығындағы дереккөзі LG Өзбекстанда Samsung құрылғыларын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

"Қазір бізде LG компаниясымен ешқандай серіктестік жоқ және біз жалғасып жатқан келіссөздер туралы ақпаратты жария ете алмаймыз", - деп мәлімдеді Artel компаниясы.

Өндірісті Өзбекстанға немесе Қазақстанға көшіру мүмкіндігі бар деген ақпарат "мүлдем негізсіз" деп жазады The JoongAng LG-ге сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы Business Post басылымының хабарлауынша, LG Electronics ресейлік өндірістің Қазақстанға немесе Өзбекстанға өтуі туралы ақпаратты жоққа шығарып, оны "негізсіз" деп атады. Концерн өкілі бұл мәселеге қатысты ресейлік БАҚ-тың ақпараттары шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бұған дейін LG Electronic Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін Ресейге барлық өнімдерді жеткізуді тоқтатқанын хабарлады. Компанияның сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде бренд адамдардың қауіпсіздігіне алаңдайтыны және гуманитарлық қолдау көрсетумен айналысатыны айтылған.