LRT құрылысын бұзуға дайынбыз – Рахымбаев

0
497


LRT құрылысын бұзуға дайынбыз – Рахымбаев

Еліміздегі танымал құрылыс компаниясының басшысы елордадағы LRT құрылысын жоюға атсалысуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жариялады.

"Маған Президенттің мына айтқандары ұнады: 10 күн ішінде ҰҚШҰ әскерін елден шығару; әскери күшті нығайту; білім деңгейін көтеру; "утильсбор" мәселесін шешу; шағын және орта бизнесті өркендету; реформа дайындау және қабылдау; LRT салмау!" - деді ол. Рахымбаев болашаққа деген сенім мен үміт арта түскенін айтады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында LRT құрылысының қате жоба болғанын айтқан болатын.