LRT: Жұмысқа қабылданған алғашқы 29 қызметкер оқытудың бірінші кезеңін аяқтады

0
199

Бірінші кезеңде қатысушылар теориялық білім алып, тестілеуден сәтті өтті.


LRT: Жұмысқа қабылданған алғашқы 29 қызметкер оқытудың бірінші кезеңін аяқтады

Фото: City Transportation Systems баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта олар екінші модульді оқуға кірісті. Одан кейін Қытайға барып, практикалық сабақтар мен тағылымдамадан өтеді. LRT-нің 29 қызметкері 3 наурызда Астанада басталған алғашқы оқыту модулін сәтті аяқтады, деп жазады inbusiness.kz.

"2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін есептелген оқыту бағдарламасы Астана қаласында (Қазақстан) және Тяньцзинь қаласында (ҚХР) іске асырылады. Оның мақсаты - LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандар даярлау. Сабақтарды Тяньцзинь метрополитені мен Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық университетінің сарапшылары жүргізеді", - делінген хабарламада.

2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы қаңтарға дейін бағдарламаға қатысуға 140 өтінім берілді, оның ішінде 29 үміткер іріктелді. Олардың қатарында Астана қаласының 15 тұрғыны, сондай-ақ Алматы, Тараз, Есіл, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Қарағанды, Екібастұз, Қызылорда және Абай өңірінің өкілдері бар.

Білім алушылардың орташа жасы 33 жасты құрайды.

Бағдарлама қалалық теміржол көлігінің негіздерін, оның жүйелерінің негізгі компоненттерін және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмдерін оқып-үйренуді қамтиды. Оқыту LRT құрылысын жүзеге асыруға арналған EPC келісімшарты шеңберінде жүргізіледі және оны мердігер "China Railway Asia-Europe Construction Investment" компаниясы жүзеге асырады.