Майқайыңдағы апат. Құм астына кеткендерді іздестіру жұмыстары қайта жалғасты

0
446

Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты.


Майқайыңдағы апат. Құм астына кеткендерді іздестіру жұмыстары қайта жалғасты

ERNUR.KZ. Майқайыңда қызметкерлермен бірге шахтаға түсіп кеткен автобусты іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жалғасты, деп жазады baq.kz.

Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты. Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, ондаған техника мен 20-ға тарта адам бөлінген.

Қазір жоғарыдан шыңыраудың түбіне апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салсақ, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Бір айға жуықтаған іздестіру-құтқару жұмыстары 5 ақпанда тоқтатылды.