Майқайыңдағы апат: құтқару жұмысына жарты ғасыр шахтада еңбек еткен ардагер тартылды

0
800

Барлығы 37 мың текше метрден астам топырақ пен тау жынысы шығарылды.


Майқайыңдағы апат: құтқару жұмысына жарты ғасыр шахтада еңбек еткен ардагер тартылды

ERNUR.KZ. «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың мәлімдеуінше, геосканерлеудің көмегімен автобустың болжамды орны анықталды, оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шұңқырдың түбінен шамамен 5 метрді құрайды.

Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 37 мың текше метрден астам топырақ пен тау жынысы шығарылды.

«Бүгін жедел штабтың отырысында 51 жыл кенші болып еңбек еткен, соның ішінде «Майқайың-алтын» АҚ шахталарында 42 жылдан астам жұмыс істеген ардагер Иван Борисович Терешковпен әрі қарайғы іс-қимылдар барысын талқыладық», - деп жазды Асайын Байханов желідегі парақшасында.

Сондай-ақ мамандар топырақ қабатын екінші мәрте сканерледі, оның нәтижелері бойынша іздестіру жұмыстарының барысы айқындалатын болады.

Іздестіру жұмыстарына 139 адам, 47 бірлік техника жұмылдырылған. Жоғалған адамдарды іздеу тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автоубс жер астына құлап кеткен.