Маман вакцина алған адамдардың бедеу болып қалатынына қатысты пікір білдірді

0
2 550

Вакцинаны әзірлеу бойынша сарапшылық жұмыс өте тиянақты жүзеге асырылады.


Маман вакцина алған адамдардың бедеу болып қалатынына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі Жаннат Сатыбалдиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «COVID-19-ға қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» тақырынба өткен баспасөз конференциясында айтты, деп жазады baq.kz.

Вакцинаны әзірлеу бойынша сарапшылық жұмыс өте тиянақты жүзеге асырылады. Оны әзірлеу мен клиникалық сынақ, тіркеуге дейін жұмыс қатаң жүргізіледі. Қазақстанда коронавирусқа қарсы барлық вакцинаға қатысты сынақ дамыған елдердегі сияқты жоғары деңгейде жүзеге асырылады. Жанама әсерлердің болуы көп вакцинаға қатысты шығуы мүмкін, - деді ол.

Сатыбалдиева ол барлық адамда бірдей байқалуы мүмкін қалыпты әсер екенін айтты.

Ал бедеу болып қалу туралы айтатын болсақ, әлемдегі бірде-бір вакцина мұндайға алып келмейді. Вакцинаға қатысты теріс ақпарат таратылып жатыр. Бедеу болу туралы да сол көп мифтің бірі. Ондайлар әрбір мемлекетте бар. Бірақ вакцинадан бедеу болып қалуы туралы ақпарат ешқандай шындыққа жараспайды, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде вакцина алған адамдарда бедеулік пайда болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.