"Мамандар еш әрекет етпей кетіп қалған": Талдықорғанда үйдегі газ жарылысынан мерт болған ер адамның анасы үндеу жасады (Видео)

0
163

Анасы қазір ауруханада келіні, мен төрт бала жатқанын жеткізді.


Фото: Видео кадрларынан

ERNUR.KZ. 31 желтоқсанда Талдықорғанда газ жарылып, қаза тапқан ер адамның анасы видео үндеу жасады. Айтуынша, бұған дейін отбас газ иісі шығып жатқаны туралы бірнеше рет ескерткен. Алайда мамандар еш әрекет етпеген, деп жазады stan.kz.

Жарылыс өрт салдарынан Бекпаевтар отбасының отағасы қаза тапты. Марқұмның анасының айтуынша, артында қалған отбасының да жағдайлары ауыр.

“Үйімде үлкен қайғы. Апат болды. Арыстай ұлымнан айырылдым. 4 немерем мен келінім жансақтау бөлімінде апараттың астында жатыр. Бәрі күйіп жүре алмай жатыр. Құзырлы органнан, әкімнен, бәрінен бір адам келіп хәл сұраған жоқ. Неге бүкіл Қазақстан шулап жатқанда келмейді. Әкім қайда, газда жұмыс істейтін адамдарға қайда? Неге келіп қарамайды?”, – деді ол.

Анасы қазір ауруханада келіні, мен төрт бала жатқанын жеткізді.

“Аяқтарынан бас алмайды. Кішкентай қыздың шашы беті бәрі күйген. Балалардың өне бойы түгел күйген. Кеше дәрігерлерге жалынып жүріп, әкесінің бейіт басына барып, топырақ салды. Қандай тасжүрек адамдар? Мынау сұмдық қой!

Газдың иісі шығып тұрғасын мамандарды шақырған. Алайда көріп, ешқандай әрекет етпей кетіп қалған. Қайда барамыз? Не айтамыз? Шаңырағы мынау. 4 баласы аман болып, келінім аман шықса болды құдайым!”, – деп қосты ол.

Еске салсақ, Талдықорғанда үйде газ жарылып, өртеніп отағасы мерт болған еді. Ал әйел мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр.