Маминнің немен айналысып жүргені белгілі болды

0
780

Бұл бірлестіктегі жұмысы үшін ол жалақы алмайды.


Маминнің немен айналысып жүргені белгілі болды

ERNUR.KZ. Асқар Мамин QazaqGeography қоғамдық бірлестігіне жиі барады. Ол аталмыш республикалық бірлестіктің төрағасы. Бұл туралы QazaqGeography ақпараттық менеждері Айжан Молдабаева айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Иә, Асқар Ұзақбайұлы мұнда келеді. Бұл қоғамдық өмірге араласу десе де болады. Оның нақты қандай қызмет атқаратынына қатысты пікір білдіре алмаймын. Төраға ретінде ол жобалар мен жұмыс жоспарын бекітеді", - деді ол.

QazaqGeography жарғысы бойынша мұнда төраға 6 жылға сайланады. Асқар Маминнің құзіреті тек 2024 жылы аяқталады. Бұл бірлестіктегі жұмысы үшін ол жалақы алмайды.