Мамырда Қазақстанның бірнеше облысында қуаңшылық болады

0
150

​Ақтөбе облысында – Қобда ауданында және Ақтөбе қаласының маңында ылғалдылық деңгейі орташа болады.


Мамырда Қазақстанның бірнеше облысында қуаңшылық болады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 10 мамырда ресми мәлімдеме жасады. Мамандардың дерегінше, Қазақстанның он аймағында атмосфералық қуаңшылық болады, деп жазады Zakon.kz.



Таратылған хабарламада көрсетілгендей, 2025 жылғы мамырда мына өңірлерде орташа қуаңшылық болжанып отыр:

  • Қостанай облысында – Амангелді, Жангелдин аудандарында және Арқалық қаласының маңында;
  • Батыс Қазақстан облысында – Теректі, Казталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарында;
  • Атырау облысында – Құрманғазы ауданында;
  • Маңғыстау облысында – Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай және Шет аудандарында;
  • Абай облысында – Аягөз ауданында;
  • Алматы облысында – Балқаш ауданында;
  • Жамбыл облысында – Мойынқұм ауданында;
  • Түркістан облысында – Сауран ауданында;
  • Қызылорда облысында – Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында.


Ақтөбе облысында – Қобда ауданында және Ақтөбе қаласының маңында ылғалдылық деңгейі орташа болады.

"Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы қалыпты деңгейге жақын болады", - деп қорытындылады гидрометеорологиялық орталық.