«Олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізінің бойындағы алтын учаскелер»
Маңғыстау облысының прокуратурасында былтырғы жұмыс қорытындылары туралы айтылды. Атап айтқанда, қадағалау актілері бойынша мемлекетке құны 9 миллиард теңге болатын мүлік қайтарылды. Бұл негізінен олигополия субъектілеріне тиесілі мүлік, - деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Ведомство мәліметінше, ауданы 80 мың гектар 115 жер телімі қайтарылған. Оның ішінде: "Олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізінің бойындағы алтын учаскелер" бар.
"Тығыз құрылыс бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша сот арқылы 32 заңсыз нысан бұзылды, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан үшін 35 құрылыс салушы айыппұл ретінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 құрылыс салушыны құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясынан айырылды. Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін құрылыс салушылардың 17 инженерлік қызметтеріне 6 айға қызметті тоқтату түрінде шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.
5 миллиард теңге сомасына заңсыз сатып алулар жойылды, 200-ден астам тапсырыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
500 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын ұрлау деректері анықталып, 5 с талды тергеп-тексеру бойынша түпкілікті процессуалдық шешімдер қабылданып, тұлғалар кінәлі деп танылып, сот үкімі шығарылған.
Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жалпы сомасы 100 миллиард теңгеге 7 инвестордың мәселелері оң шешімін тапты.