Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз асылып қайтыс болды

0
1 549

Оның қойын дәптерінен, ата-анасына, ағалары мен туыстарына арналған жеке-жеке жазба табылған.


Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз асылып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Әскери борышын өтеп жүрген 19 жасар сарбаз асылып қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысындағы, Бейнеу шекара бекетінде болған. Сарбаздың мәйіті бүгін таңғы 5 шамасында асулы тұрған күйінде табылған.
Қатардағы жауынгер Еділ Тешебаевтың ағасы Нұржаусын Тешебаев інісінің қазасы туралы хабарды бүгін таңертең алғанын айтады.
Оған інісі асылып қайтыс болғаны туралы хабарланған. Айтуынша, мойнында екі белдіктің ізі болған.
Сонымен қатар қойын дәптерінен, ата-анасына, ағалары мен туыстарына арналған жеке-жеке жазба табылған.
Қайтыс болардан бірнеше күн бүрын ол үйдегілерден 5000 теңге аударуды сұраған екен.
Еділ Тешебаев Түркістан облысының тумасы.