Маңғыстау облысында 4 жасар бала нәрестені теуіп, бас сүйегін майыстырды

0
716

Сәбиге шұғыл ота жасалды.


Маңғыстау облысында 4 жасар бала нәрестені теуіп, бас сүйегін майыстырды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында алты айлық баланың бас сүйегіне трепанация жасалды, деп жазады sputnik.kz.

"20 сәуір сағат 19:35-те балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне шұғыл түрде "жабық бас сүйек - ми жарақаты, париетальды сүйектің сынуы, ми контузиясы" диагнозымен алты айлық бала жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ата-анасы баланың төрт жасар ағасы абайсызда басынан тепкенін айтты, деп жазады блогер Азамат Сәрсенбаев.

Балаға шұғыл түрде операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов бас сүйегінің трепанациясын сәтті өткізген.
Ол майысқан сүйек сынығын көтерген, баланың жағдайы тұрақтанды.
Қазір бала травматология бөлімшесінде орташа ауыр халде жатыр.