Зілзала Астана уақытымен сағат 13:25-те болған.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жер сілкінісі болды. Зілзала магнитудасы 4,7 балды құрады, деп жазады stan.kz.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы 25 сәуірде Қазақстанның батысында жер сілкінісін тіркеді. Зілзала Астана уақытымен сағат 13:25-те болған.
Жер дүмпуінің орталығы Шевченко портынан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Әрі ошағы 10 шақырым тереңдіктен өтті.