Маңғыстау облысында ер адам әйелі мен оның әпкесін пышақтап тастаған

0
693

Жетібай қаласының 1973 жылы туылған тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған.


Маңғыстау облысында ер адам әйелі мен оның әпкесін пышақтап тастаған

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында ер адам әйелі мен оның әпкесін пышақтап тастаған. Күдіктіге үкім шығарар алдында жәбірленуші соттан жеңілдік жасауды сұраған, деп жазады Stan.kz.

Жетібай қаласының 1973 жылы туылған тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған. Сот барысында анықталғандай, 2021 жылы 18 маусым күні кешкісін ер адам мен әйелінің әпкесінің арасында кикілжің орын алған. Жанжал нәтижесінде күдікті бір рет пышақпен әйелінің әпкесінің кеуде тұсына, одан кейін оларды ажыратуға жүгіріп келген әйелін жарақаттаған.

Сотталушының кінәсі толықтай дәлелденген. Мемлекеттік айыптаушы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуді сұрады. Ал әйелі күйеуінің кінәсін кешіріп, жазаны жеңілдетуді сұраған. Әпкесі заңға сәйкес шешім шығаруды талап еткен. Сотталушының өзі болса жазаны шартты түрде беруді өтінген.

"Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындау, кәмелетке толмаған баланың болуы мен бұрын сотталмағанын ескерді. Прокурор қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Сотталушы кінәлі деп танылып, оған алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Қарақиян аудандық сотының баспасөз қызметі.