Маңғыстау облысында ер адам көлігімен бірге жанып кетті

0
675

Алдын ала болжам бойынша 1968 жылғы жігіт Lada Granta көлігінде ұйықтап қалған.


Маңғыстау облысында ер адам көлігімен бірге жанып кетті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауылында ер азамат өз ауласындағы темір тұлпарының ішінде өртеніп, мерт болды, деп жазады 24.kz.

Алдын ала болжам бойынша 1968 жылғы жігіт Lada Granta көлігінде ұйықтап қалған. Сол кезде автокөліктің сымдары тұйықталып, өрт шыққан. Әзірге осындай болжам жасалды. Қазір оқиғаның мән-жайын жауапты мамандар анықтауда.