Сәби перзентханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында көшеден тастанды сәби табылды, деп жазады inAktau.kz.
Облыс полиция департаментінің мәліметінше Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында 3 мамыр күні тұрғын үйдің терезесінің жанынан жаңа туған нәресте табылған.
"Тергеу басталды, полицейлер баланың анасын іздеп жатыр. Сәби перзентханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.