Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысында полиция басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Есбағанбетовті ұстаған.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.