Маңғыстау облысындағы кен орнында жарақат алған қызметкердің жағдайы белгілі болды

0
382

Маңғыстау облысындағы кен орнында апат болып, бір қызметкер қаза тауып, екінші бір қызметкер жараланған еді.


Маңғыстау облысындағы кен орнында жарақат алған қызметкердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Жетібай кен орнының ұңғымасына дәнекерлеу жұмыстары кезінде зардап шеккен жұмысшының жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп жазады stan.kz.

Маңғыстау облысындағы кен орнында апат болып, бір қызметкер қаза тауып, екінші бір қызметкер жараланған еді. Бұрғылау қондырғысының шебері қытайлық азамат басынан жарақат алды.

Медициналық мекеме жәбірленушінің 29 сәуірде облыстық көпсалалы ауруханаға түскенін хабарлады.

"Бас сүйегінің рентгенографиясы жүргізілді. Ешқандай елеулі зақым анықталған жоқ. Сол күні ауруханадан шығарылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.