Маңғыстау облысының жағажайы қоқыс полигонына айналып барады

0
775

Әкімдік бас ауыртқысы келмейді дейді жегілікті тұрғын.


Маңғыстау облысының жағажайы қоқыс полигонына айналып барады

ERNUR.KZ. Ақтау қаласынан 24 шақырым жерде орналасқан құмды әрі таза суы бар жағажай жыл сайын қоқыстан тазаланбайды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Азамат Сәрсенбаев есімді жергілікті тұрғын өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«С.Шапағатов ауылының көптеген тұрғыны мұнда отбасыларымен демалуға келеді. Бірақ, өкінішке қарай, мен жылдан-жылға бұл жағажайдың бір үлкен қоқыс полигонына айналып бара жатқанын байқаймын. Демалушылар осы жерге келіп, көліктерін жағадан 200 метр қашықтықта қалдырады, содан кейін осы 200 метр жағажай құмына азық-түлік пакеттерін, сусындарын және ыдыс-аяқтарын әкеліп, пикник ұйымдастырады. Ал артынша осы қоқыстың барлығын еріктілер жинайды деген түсінікпен тастап кетеді салады», - деп жазды фотограф Азамат Сәрсенбаев.


Сонымен қатар, автор бұл аймақта ешбір инфрақұрылымдық мүмкіндіктер мен қоқыс тазалау тәсілдерінің қарастырылмағанын айтады.

«Маңғыстау облысының кей жерлерінде (Бозжыра, Самал, Тамшалы, Жыгылган, Шерқала, Айрақты және т. б.), ешқандай инфрақұрылым, жол, қоқыс контейнерлері, тіпті қоқыс таситын бірде-бір көлік те жоқ. Оған ешкім де қызығушылық танытпайды. Ал қарапайым адамдардың санасына сеніп керек емес. Меніңше, Түпқараған ауданы әкімдігінің бұл жермен шаруасы жоқ. Осы мәселе бойынша әкімдікке бірнеше мәрте жүгіндім. Еш нәтиже жоқ», - дейді автор.